×

Петропавлда өрт сөндірушілер үлкен апаттың алдын алды

Петропавл мұнай базасының қоймасы жанында өрт шықты

 Динара Амантай 14.05.2022 | 11:32
Петропавлда өрт, Фото: СҚО ТЖД баспасөз қыметі

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 ж. 13 мамыр сағат 9.12-де 101 телефонына Әуезов к-сі, 266 (өнеркәсіптік аймақ) мекен-жайы бойынша Петропавл қаласының шетінде қамыстың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

 Шақырту орнына дереу өртті сөндіруге кіріскен Петропавл қаласы өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері шықты. Өрттің батпақты аумақта орын алуы өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатты.  Петропавл қ. өртке қарсы қызмет гарнизонының, өзара іс-қимыл жасайтын ұйымдардың күштерін жұмылдыру жүргізілді.

Оқиға орнында "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ және СҚО ТЖД, Оңтүстік Орал темір жолы Петропавл бөлімшесінің әскерилендірілген өрт сөндіру командасының, Жергілікті атқарушы органдардың," Қызылжар су "және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдары – жеке құрамның 73 адамы және 21 бірлік техникасы жұмыс істеді, – деп мәлімдеді СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің жалпы аумағы 10 гектарды құрады. Өрт 11 сағат 19 минутта жойылды.

Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген залал мөлшері анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама