×

Үндістанның 7 азаматы шекарадан заңсыз өтпек болған

Оларға әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулы шығарылды

 Динара Амантай 27.09.2023 | 17:16
Фото: Halyq Uni

Ақтөбеде шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 7 үндістандық азамат анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақтөбе облысы ПД көші-қон қызметі басқармасы ҰҚК шекара қызметі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел іс-шаралар барысында Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын транзитпен заңсыз кесіп өткісі келген Үндістанның 7 азаматын анықтады.

Тексеру барысында Үндістан азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында көші-қон заңнамасын бұзғандығы анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, – делінген хабарламада.

Осы факті бойынша Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулы шығарды. Жоғарыда аталған шетелдіктер әрі қарай еліне жіберу үшін Алматы қаласына бақылаумен жөнелтілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама