×

БҚО-да 1,3 млрд теңгенің жерлері мемлекетке қайтарылды

Олардың жалпы ауданы – 119 мың гектар

 Динара Амантай 26.09.2023 | 17:34
Фото: egemen.kz

БҚО-да құны 1,3 млрд теңге болатын пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы Әділхан Сабуров брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдар жалпы ауданы 119 мың гектар болатын 121 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарды. Жердің кадастрлық құны – 1,3 млрд теңге.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысында 285 млн теңгенің жайылымдық жері қайтарылғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама