×

Петропавлда 3 адам қайғылы жағдайда көз жұмды

Өртті сөндіру барысында 3 адамның денесі табылды

 Халық үні 26.09.2023 | 07:50
фото: zakon.kz

Петропавлда жеке тұрғын үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза болды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

25 қыркүйекте 101 телефон нөміріне сағат 21:35-те Петропавлдағы Волочаевская көшесі, 113 мекенжайында өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына бес минутта жеткен. Келген кезде ағаш үй отқа оранған. Өртті сөндіру барысында 3 адамның – 20 жастағы әйел, 1 және 5 жасар баланың денелері табылды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 15 адамы және 3 техника жұмылдырылды. Жалын 19 шаршы метрді шарпыған. Өрттің шығу себебі мен келтірілген залал анықталатын болады.

Оқиға орнына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО ТЖД бастығы Ерік Сарыбаев, СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов келді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама