×

Астанадан шығатын бірқатар бағыттағы пойыз билеттеріне жеңілдік беріледі

Мұндай шешім маршруттардың танымалдығын және қолжетімділігін арттыру мақсатында қабылданды

 Динара Амантай 25.09.2023 | 17:43
Фото: Halyq Uni

«Жолаушылар тасымалы» АҚ темір жол билеттеріне күзгі жеңілдіктер жарияланатынын мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атап айтқанда, мекеме «Тальго» пойыздарының 3 бағытына күз мезгіліне арналған жеңілдіктер енгізеді. Ол осы жылдың 18 қыркүйегінен 26 қазаны және 6 қарашасынан 7 желтоқсаны аралығында болмақ.

«Тальго» пойыздарының маршруттарына жеңілдіктер енгізу туралы шешім оның танымалдығын және қолжетімділігін арттыру мақсатында қабылданды.

Жеңілдіктер мына маршруттарға қатысты беріледі:

-20% жеңілдік – №79/80 «Астана – Арқалық» бағытына;
-30% жеңілдік – №81/82 «Астана – Қостанай» бағытына;
-40% жеңілдік – №65/66 «Астана – Жезқазған» бағытына.

Билетті тиімді бағамен www.bilet.railways.kz сайты, сондай-ақ «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады.

Сондай-ақ жолаушылар жеңілдік мөлшерін «Алтын» және «Күміс» дисконт карталары арқылы 55%-ға дейін арттыра алады.

Жеңілдіктер туралы қосымша ақпаратты тегін 1433 нөмірінен және KTZH_PP_BOT Telegram-бот арқылы алуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама