×

АҚШ Украинаға ATACMS ракеталарын береді

Әзірше санаулы зымырандар ғана жеткізіледі

 Дастан Жұмабекұлы 25.09.2023 | 12:16
Фото: ria.ru

АҚШ Украинаға алысқа ұшатын ракеталар жібереді. Бірақ әзірге санаулы зымырандар ғана беретін болып шешті. Бұл туралы Құрама Штаттардың президенті Джо Байден айтты. Ол жақында Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы кезінде Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, Ресеймен 1,5 жылдан бері соғысып жатқан елдің басшысына ATACMS ракеталарын беретінін уәде еткен болатын.

Financial Times басылымының хабарлауынша, АҚШ президентінің әкімшілігі Украинаға ATACMS ракеталарын беретінін жариялағысы келмеген. Бұл Ресей әскеріне жағдайды жеңілдетпес үшін жасалған. Енді Байден айтқаннан кейін ракеталар жақын арада жеткізіледі делінген. Бірақ оның қай түрі екені айтылмай отыр.

Германия  Федеративтік Республикасы да Украинаға тағы да көмектесу туралы шешім қабылдады. Бұл ел 400 млн еуро көлемінде қаржы-қаражат беретінін мәлімдеді

Украина «Гепард» танкілері, IRIS-T зениттік-ракета кешені, MRAP бронды машинасының 200 данасын алады. Сонымен бірге әскери пакет аясында Украинаға 155 мм артиллериялық жүйе, минометке арналған оқ-дәрі, AT-2 миналық ракеталары да беріледі. Одан басқа, Украинаға қыста жүретін әскери техника, әскери техниканың бөлшектер, көлік құралдары мен 50 дрон жеткізіледі.
 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама