×

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі кинопрокатқа шықты

Ол Kinopark кинотеатрлар желісі арқылы үлкен экрандардан ұсынылады

 Халық үні 24.09.2023 | 16:10
фото: ашық дереккөз

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясының негізіндегі толықметражды көркем фильм 21 қыркүйектен бастап Kinopark кинотеатрлар желісі арқылы үлкен экрандардан ұсынылады. 

Тарихи туынды Алаш қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының 1909-1935 жылдардағы өмір кезеңін қамтиды. Телехикаяда бас кейіпкер Міржақып Дулатовтың рөлін Бақыт Қажыбаев, жары Ғайнижамалдың рөлін Зарина Кармен, ақынның қызы Гүлнар Дулатованың рөлін Гүлжан Әспетова ойнады. Режиссері – Мұрат Есжан. 

Телехикая өткен жылы «Qazaqstan» арнасының эфирінен және YouTube желісі арқылы орыс, ағылшын тіліндегі субтитрлармен ұсынылып, үлкен аудиторияның қызығушылығына ие болды. 2023 жылғы тұңғыш «Nauryz» ұлттық телесериалдар байқауында «Үздік сериал» атанды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама