×

Президент қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады

Өз ісінің майталмандары қашанда қоғамның назарында болуға тиіс, - деді ол

 Еркеғали Болатұлы 24.09.2023 | 09:46
фото: Президенттің баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Бұл – мемлекетіміздің тұрақты дамуына жасампаз ісімен үлес қосып келе жатқан нағыз еңбекқор жандарды ұлықтауға арналған маңызды мереке. Олар туған елдің жарқын болашағы үшін күн сайын тынбай еңбек етіп, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетіп жүр.

«Адал азаматқа» тән еңбекқорлық, іскерлік, жауапкершілік, білімпаздық және жақсыдан үйрену, жаманнан жирену сынды асыл қасиеттің бәрі шынайы еңбек адамының бойынан табылады. Сондықтан өз ісінің майталмандары қашанда қоғамның назарында болуға тиіс. Ал жастарымыз соларға қарап бой түзеуі керек», - делінген президенттің құттықтауында.

Халқымыз «Еңбек – адамның көркі, адам – заманның көркі» деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, адал еңбек – бүкіл жетістіктің бастауы, табысқа жетудің кілті. Мемлекет осы басты қағидат барлық жерде салтанат құруы үшін бәрін жасайды, - деді Тоқаев.

Ол әділетті Қазақстанды еңбекқор, адал азаматтар ғана құра алатынына сенетінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама