×

Ғани Бейсембаев жыныстық сауаттылық пәнін мектеп бағдарламасына енгізуге қатысты пікір білдірді

Министрдің айтуынша, бұл мәселені партада отырып емес, ата-аналармен бірге шешу керек

 Халық үні 24.09.2023 | 07:33
Фото: halyq-uni.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Обожаю» YouTube-арнасына берген сұхбатында жыныстық сауаттылық туралы пәнді мектеп бағдарламасына енгізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Massaget.kz.

Министрдің айтуынша, балаға тәрбие беру ісіне ата-аналар да араласуы керек.

Қазақи дәстүрдегі ерекшеліктерді ескерсек, балаларға алдымен білім мен тәрбие беру керек. Биыл мектепке арналған біртұтас тәрбие беру бағдарламасында түрлі мәселелерді қарастырдық. Бірақ, меніңше, тәрбие дұрыс болуы үшін бұған ата-аналар да араласу керек. Бұған дейін де ата-аналарға арналған педагогикалық қолдау орталығы ашылатынын айтқан едім. Осы ретте біздің педагогтер ата-аналарға көмек көрсетуге әзір. Сол кезде тәрбиеге байланысты көп мәселе шешілуі мүмкін, – деді ол.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, мектепте жыныстық сауат туралы жеке пән енгізілмейді.

«Ерте жүктілік мәселесін шешуде сіз айтқан шаралар көмектеспеуі мүмкін. Тағы да қайталап айтайын, діліміздің, дәстүріміздің ерекшеліктерін ескеру керек. Сондықтан, бұл мәселені партада отырып емес, ата-аналармен бірге шешу керек», – деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама