×

Рудныйда қарт әйел 3,5 млн теңгесінен айырылып қала жаздады

Учаскелік инспекторлар алаяқтықтың алдын алды

 Динара Амантай 23.09.2023 | 17:21
Фото: polisia.kz

Рудныйда қарт әйел 3,5 млн теңгесінен айырылып қала жаздады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, учаскелік полиция инспекторлары Бекзат Иманбаев пен Исламбек Бағдат банкте болғанда қарт әйелдің қобалжып, күдіктеніп тұрғанын байқаған.

Тұрғын бізге таксиге тапсырыс беруді сұрады. Ол сол уақытта біреумен телефонмен сөйлесіп тұрды. Телефондағы дауыс белгілі бір мекенжайға барып, онда шотқа ақша салуы керек екенін айтты. Біз мұның не екенін бірден түсіндік. Біз қарт кісіні тыныштандырып, алаяқтардың нөмірін бұғаттадық. Алайда олар бұнымен тоқтамай, басқа нөмірлерден тағы бірнеше рет қоңырау шалды. Кейін біз банкке оралып, ақшаны шотқа салып, тұрғынды үйге апардық, – дейді учаскелік полицейлер.

Зейнеткер инспекторларға алғысын білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама