×

Семей қаласының «Теплокоммунэнерго» МКК-де бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды

Комиссия жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзімдерін белгіледі

 Динара Амантай 23.09.2023 | 10:59
Фото; Абай обл. әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, ведомство бастамасымен облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және ҰҚКД бірлесіп, облыстық прокуратураның үйлестіруімен Семей қаласының «Теплокоммунэнерго» МКК қазандықтарының жылыту маусымына дайындығын тексерген. Оның барысында 2022 жылы қала қазандықтарын жөндеу кезінде қолданыста болған материалдарды пайдалану арқылы бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды.

Облыс әкімі арнайы комиссия құрып, мердігер ұйымға жылыту маусымында Семей қаласын жылумен жабдықтау жүйелерінің үздіксіз жұмысы істеуі үшін жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзімдері белгіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама