×

Шымкентте деструктивті діни ағым өкілінен заңсыз қару тәркіленді

Ер адамның бұған дейін адам өлтіргені үшін бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды

 Динара Амантай 22.09.2023 | 16:40
Фото: polisia.kz

Шымкентте деструктивті діни ағым өкілінен заңсыз қару тәркіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері түрмедегі жазасын өтеуші ер адам бостандықта жүргенде заңсыз атыс қаруын жасырғаны туралы шұғыл ақпарат алған. Тәртіп сақшылары аталған дерек бойынша жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде теміржол вокзалы маңындағы гараждардың жанынан қазылған шұңқыр табылды. Ол жерден қапқа салынған, 12 калибрлі, кесілген, тегіс ұңғылы қосауыз аңшы мылтығы тәркіленді.

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша тіркеді. Ер адамның бұған дейін адам өлтіргені үшін бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама