×

«Қызбен жүруге рұқсат бермеді»: Шымкентте жоғалған 6 бала табылды

Ал бір қыз ата-анасынан бөлек тұрғысы келгенін айтты

 Дастан Жұмабекұлы 22.09.2023 | 14:22
Фото: otyrar.kz

Шымкент қаласында жоғалған 6 жасөспірім табылды. Барлығы – 15 және 16 жастағы жасөспірімдер. Олар аман-есен үйлеріне жеткізілді.

Олардың ата-аналары полицияға балаларының отбасындағы жанжалдан кейін үйден кетіп, қайта оралмағанын айтып хабарласқан. Тәртіп сақшылары полицияға хабар келісімен, 2 ұл мен 4 қызды тауып, аз уақытта аман-есен үйлеріне жеткізді.

Мектеп оқушыларының бірі көшеде жүрсе, екіншісі жолдастарының үйінде қонақта болған. Тағы бір жасөспірім бір қызға ғашық болып, бірақ анасының қызбен кездесуге тыйым салғанын айтты. Үйден кетіп қалған тағы бір қыз ата-анасынан бөлек тұрғысы келгенін жеткізді. Тағы біреуі өз әрекетін: «Достарымның ата-аналары кешке дейін сыртта жүруге рұқсат берсе, маған рұқсат бермейді», – деп түсіндірген.

Полиция қызметкерлері жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен әңгімелесті. Өз кезегінде ата-аналар полиция қызметкерлеріне жедел өтінішке немқұрайлы қарамағаны үшін шынайы алғыс білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама