×

Дәрігерлер шала туған 500-ден аса сәбидің көру қабілетін сақтап қалды

Салмағы 500 грамнан асатын балаларға күтім жасала бастады

 Дәурен Ерболат 22.09.2023 | 09:45
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Былтыр хирургтар 500-ден аса сәбидің көру қабілетін сақтап қалды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

2022 жылы 1500 нәресте ең заманауи медициналық аппаратта офтальмологиялық скринингтен өткен. Нәтижесінде хирургтар көз торын лазерлік коагуляциялау арқылы шала туған 508 нәрестенің көру қабілетін сақтап қалған.

Қазақстанда мерзімінен бұрын туған нәрестелердің шамамен 35% ретинопатиядан зардап шегеді. Бұл – көру қабілетінің жоғалуына әкелетін көз ауруы.

Айта кетейік, 2008 жылы Қазақстанда ДДСҰ ұсынған тірі туу өлшемшарттары енгізілді. Осылайша, салмағы 500 грамнан асатын балаларға күтім жасала бастады.

Жыл сайын елімізде 400 мыңнан аса сәби дүниеге келеді. Оның 5%-ы мерзімінен бұрын туады.

Шала туған нәрестелердің өмір сүру сапасын арттыру үшін босандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер әзірленді. Сондай-ақ олардың көру қабілетін сақтау үшін республикада офтальмологиялық скрининг жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама