×

Президент Зүлфия Сүлейменованы жаңа лауазымға тағайындады

Бұған дейін ол Экология министрі қызметін атқарған

 Динара Амантай 21.09.2023 | 15:35
Фото: primeminister.kz

Президент Зүлфия Сүлейменованы жаңа лауазымға тағайындады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорда хабарламасында.

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығы өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастады.

2020-2021 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2021 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

2022 жылы 14 наурызда Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі;

2023 жылдың 4 қаңтарында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.

Министр қызметінен 1 қыркүйекте босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама