×

Футзалдан ӘЧ: Қазақстан іріктеу тобында көш бастады

Ұлттық құрама Румыния командасын 4:3 есебімен жеңді

 Дастан Жұмабекұлы 21.09.2023 | 09:36
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

2024 жылғы әлем чемпионаты элиталық іріктеу кезеңінің кезекті ойынында Қазақстан құрамасы өз алаңында Румыния командасымен кездесті.

Матч 4:3 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды. Бірінші таймда ұлттық құрамада Дуглас, Альберт Ақбалықов, Эдсон мен Біржан Оразов бір-бір голдан салды. Румыния құрамасында Маня дубль жасаса, Сассе ойынның соңында есепті бір голға қысқартты.

Осы жеңістен кейін ұлттық құрама 6 ұпай жинап, өз тобында көш бастады.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 6 қазанда сырт алаңда Әзербайжан құрамасымен өткізеді. 

Қазақстан – Румыния – 4:3 (4:1)

Голдар: Дуглас 2, Ақбалықов 11, Эдсон 15, Оразов 20 – Маня 4, 36, Сассе 32;

Ескерту: Ходьнодь 33;

Қазақстан: Игита, Серіков – Тайнан, Тұрсағұлов, Дуглас, Оразов, Эдсон, Валиуллин, Ақбалықов, Есенаманов, Кнауб, Жұма, Дәрібай, Әбдіманапұлы;

Румыния: Тоница, Лунгу – Сассе, Оливейра, Феррейра, Крэчун, Ислой, Дудэу, Илаш, Араужо, Ходьнодь, Бошнягэ, Настай, Маня;

Төрешілер: Пешко, Беганчин, Матула (барлығы – Словакия);

Серіктес жаңалықтары

Сараптама