×

Қазақстан ғалымдары коррозияға қарсы бояу жасайтын инновациялық технология ойлап тапты

Материалдарды өндіру Астана ВМП зауытының базасында іске асырылады

 Динара Амантай 19.09.2023 | 16:43
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақстан ғалымдары коррозияға қарсы бояу жасайтын тың инновациялық технология ойлап тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, енді Қазақстандық зауыт жылына коррозияға қарсы 5 мың тонна бояу шығаратын болады.

VMP Astana зауытының мамандары Ғылым қорының қолдауымен мұнай кәсіп жабдықтары үшін коррозияға қарсы фосфатты материалдарды өндірудің инновациялық технологиясын енгізіп жатыр. Технологияны әзірлеушілер – Д.В. Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия институтының ғалымдары.

Материалдар төмен энергия сыйымдылығымен, жоғары өндіргіштігімен және қоршаған ортаға зиянсыздығымен ерекшеленеді. Өнімдер мұнай кәсіпшілік жабдықтарының жұмыс жағдайында болат конструкцияларды коррозияға қарсы тиімді қорғауға арналған.

Бүгінде өндірістік құрал-жабдықтар сатып алынып, келіп түсетін өнімді тексеруді іске асыру үшін зертхана жабдықталды. Өндіріс желісін ұйымдастыруға арналған өндіріс орындарын дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Енді патент алмақ ниетте. Өтініш берілді. Өнімді жеткізу бойынша да әлеуетті тұтынушылармен келіссөздер қарқынды жүріп жатыр.

Материалдарды өндіру Астана ВМП зауытының базасында «Астана – бірінші қала» индустриялық паркінің аумағында іске асырылады. Мұнда өндірістік ғимарат, қойма және техникалық, логистикалық қамтамасыз етудің әкімшілік орталығы орналасқан. Цехтың барлық жабдықтары жарылысқа және отқа төзімді конструкциядан жасалған, тот баспайтын болаттан құрастырылған. Бұл жабдық еріткіш негізіндегі және су негізіндегі бояуларды да шығара алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама