×

Астанада екі жасөспірім көліктен заттар ұрлаған (ВИДЕО)

Xiaomi Redmi смартфоны мен әмиянды алып кеткен 

 Дастан Жұмабекұлы 18.09.2023 | 13:46
Фото: polisia.kz

Астанада көліктен заттар ұрлаған кәмелетке толмаған жасөспірімдер ұсталды. Олар қаланы аралап, құлпы ашылған көлікке түскен.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, екі жасөспірім күндіз қаланы аралап, құлпы ашылған көліктерді іздеген. Сөйтіп, олар Абылай хан даңғылындағы автотұрақта көліктердің тұтқасын тартып көріп, құлпы ашылған көліктен Xiaomi Redmi смартфонын алып кеткен.

Сол күні олар Момышұлы даңғылындағы үйдің ауласында келе жатып, ашық тұрған Volkswagen Golf көлігінен әмиян ұрлап, 30 мың теңгені қалтаға басқан. Сонымен қатар, бұзақылық ниетпен көліктің капотына және алдыңғы әйнегіне жазулар жазып, сызып кеткен.

Күдіктілер көп ұзамай ұсталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама