×

Елімізде алғаш рет Superpave технологиясы сынақтан өткізілмек

Алғашқы апробация 2024 жылы өтеді деп жоспарланған

 Динара Амантай 18.09.2023 | 10:22
Фото: Halyq Uni

Астанада жолдарды жобалау мен құрылыс барысында америкалық superpave технологиясын қолдануға арналған семинар өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, автомобиль жолдарының эксплуатациялық сипаттамаларын арттыруға мүмкіндік беретін Superpave әдісі елімізде алғаш рет сынақтан өткізілмек.

Superpave – асфальтбетон құрамдарын көлемді жобалау әдісі. Бұл технологияның басты артықшылығы мен айырмашылығы – жобалау және жөндеу жұмыстары кезінде әр аймақтың климаттық жағдайы мен температурасы әрі қозғалыс қарқындылығы ескерілетіндігінде, – делінген компания хабарламасында.

«ҚазАвтоЖол» ҰК мамандары америкалық superpave технологиясын сынақтан өткізу үшін тәжірибелік-эксперименттік учаскелерді анықтауға кірісті. Алғашқы апробация 2024 жылы өтеді деп жоспарланған.

Бұл жұмыс ирландиялық MACEL консалтинг компаниясымен және Еуропалық Қайта құру және Даму банкімен бірлесе жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама