×

Алматыда хиругтар 68 жастағы қарияның аяғын ампутациядан аман алып қалды

Отаның ақысы МӘМС есебінен жүргізілді

 Дәурен Ерболат 18.09.2023 | 09:47
Фото: pravda.com.ua

Алматыда дәрігерлер ауыр диагнозы бар 68 жастағы ер адамның аяғын ампутациядан аман алып қалды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Қаладағы орталық клиникалық ауруханасына ауыр диагнозы бар қария түсті. Оған облитерациялық атеросклероз, жоғарғы сан артериясының окклюзиясы және төртінші дәрежелі аяқтың ауыр ишемиясы деген диагноз қойылған. Аяқтың ауыр ишемиясы – аяқтың тініне артериялық қанның жүрмеуі. Салдарынан науқастың аяғы іріңдеп, одан айырылуы мүмкін.

68 жастағы қарияға аяқты ампутациялау қаупі төнді. Себебі мұндай диагноз қойылған 35% жағдай ампутациямен, 18% жағдай өліммен аяқталады. Ампутациялау ықтималдығы жоғары болғанда өлім-жітім – 9-21%, ал 5 жыл өмір сүру қаупі 45% болады. Аяғынан айырылған науқас арбаға таңылады.

Алайда Алматыдағы орталық қалалық клиникалық ауруханасында жоғары технологиялық әдістерді қолданудың арқасында инновациялық операция жүргізілді. Отаның ақысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) есебінен төленді.

Операция бір сағатқа созылып, сәтті өтті. Біз HawkOne эндоваскулярлық атерэктомияны қолдандық. Операциядан кейін пациент ауруханада ұзақ уақыт болмай, өте тез қалпына келеді және көптеген жағдайда келесі күні ауруханадан шығарылуы мүмкін. Жаңа құралдардың пайда болуы емдеу әдісінің мүмкіндігін кеңейтті. Біз аяқ пен қолды ампутациялаудан ғана емес, көптеген тамырлы патологиядан адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын жақсартуға мүмкіндік алдық, - деді тамыр хирургы Сұлтан Ілиев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама