×

«6 адам қаза тапты»: БҚО-да қайғылы жағдай болды

Жол апатынан салдарынан 6 адам қаза тапты

 Халық үні 18.09.2023 | 06:46
Фото: alataunewskz

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Ведомствоынң мәліметінше, 17 қыркүйек күні сағат 19:30 шамасында БҚО Теректі ауданы Бекей кентінің жанында Самара - Шымкент республикалық маңызы бар автожолының 290-шақырымында ауыр жүк көлігі DAF фурасы мен Lada Priora жеңіл көлігі соқтығысты.

«Жол апатынан салдарынан 6 адам қаза тапты. Олар 34 және 33 жастағы ересек адамдар, 11, 12, 5, 1 жастағы кәмелетке толмаған балалар», - делінген хабарламада.

Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі зардап шекті. Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама