×

«AЛМА FEST»: Бүгін Алматыда 127 тонна алма сатылды

Бұрын қала жасыл желекке оранған, ауасы таза, алмасы көп болатын...

 Еркеғали Болатұлы 17.09.2023 | 17:28
фото: myjane.ru

Алматыдағы Тұңғыш президент саябағында жыл сайынғы «AЛМА FEST» фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлады baq.kz.

Ауқымды іс-шара аясында түрлі алаңқайлар тақырыпқа сай безендіріліп, келгендерге кәдесый ұсынылған.

Еске сала кетсек, қыркүйектің үшінші жексенбісінде Алматыда қала күні тойланады. Осы ретте қала әкімдігінің қолдауымен түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған еді.

Алматы жылда өркендеп, дамып келеді. Дегенмен бұрынғыдай табиғаты көркем емес. Бұрын қала жасыл желекке оранған, ауасы таза, алмасы көп болатын. Адамдар қоқысты бей-берекет шаша бермейтін. Болашақта қаланың табиғаты жақсарады деген сенімдемін. Бүгінгі айтулы мерекемен қала қонақтарын шын жүректен құттықтаймын, – деді қала тұрғыны Ажарқан Молдабаева.

Фестиваль бағдарламасында алма базары, қалалық мейрамханалар жәрмеңкесі, спорттық және концерттік бағдарламалар ұсынылды. Облыстық шаруашылықтар сататын алма өткен жылғы 100 тоннадан 127 тоннаға көбейген.

Қала күні мерекесі аясында «Алматы қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісі тапсырылады.

Сондай-ақ бүгін сағат 16:00-де Астана алаңында «Сағындым Алматымды» музыкалық фестивалі өтті. Сонымен қатар, сағат 19:00-де Абай алаңында қала тұрғындары мен қонақтарын «Алматы жұлдыздары» музыкалық фестивалі қуантпақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама