×

Елордадағы көпірдің бірінде 1 ай бойы көлік қозғалысы шектеледі

Көпірдің бір жағындағы қозғалыс екі бағытта да ұйымдастырылатын болады

 Еркеғали Болатұлы 17.09.2023 | 15:44
фото: Halyq Uni

Астанада Ұлы Дала көшесіндегі көпірде бір ай бойы көлік қозғалысы шектеледі.

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлы Дала даңғылындағы көпірдегі деформациялық тігістің негізін жөндеу жұмыстары жүргізілгені туралы хабарлаймыз.

Осыған байланысты 16 қыркүйек және 15 қазан аралығында жоғарыда аталған көпір арқылы автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады», – делінген хабарламада.

Бұл ретте көпірдің бір жағындағы қозғалыс екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама