×

Семейде әйелге қырындаған жігіт жауапқа тартылды

Ол полиция бөліміне жеткізілді

 Дәурен Ерболат 17.09.2023 | 12:05
Фото: inbusiness.kz

Семейде автобуста әйелге қырындап, тиіспек болған 35 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында облыс орталығы тұрғынының өзіне автобуста тиіспек болған адамға қатысты жарияланымы анықталды. Абай облысының полицейлері жедел іздестіру шарасын жүргізіп, күдіктіні анықтады. Ол – Семей қаласының 35 жастағы тұрғыны. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді, - деп жазылған хабарламада.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 449-бабы 1-бөлігі бойынша күдікті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама