×

Еліміздің отбасылық-демографиялық саясат моделі халықаралық саммитте ұсынылды

Жиын екі жылда бір өтеді

 Ербол Тұрымбет 16.09.2023 | 16:00
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Будапештте «Отбасы: қауіпсіздік кілті» тақырыбында V Будапешт демографиялық саммиті өтті.

Екі жылда бір рет өтетін биылғы Саммитке 60 елдің өкілі қатысты. Мажарстан тарапының шақыруымен саммит жұмысына Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Аида Балаева барды. 

Министр Мажарстан, Катар, Түркия, Сербия, Словения, Марокко, Эквадор және басқа да бірқатар елдердің өкілдерімен бірге министрлердің интерактивті панельдік сессиясында сөз сөйледі.

Жас ұрпақ дәл осы отбасылық институты құндылықтарын, сүйіспеншілік пен қамқорлықты сіңіреді, соның арқасында жастар болашақта өз шаңырағын көтеру үшін өздерін қауіпсіз әрі мықты сезіне алады, - деді жиында Аида Балаева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама