×

Астанада «KitapTime – 2023» фестивалі өтіп жатыр

Фестиваль «Кітапхана түні» мәдени шарасымен жалғасты

 Ая Өміртай 16.09.2023 | 09:08
Фото: Halyq Uni

Астанада Ұлттық академиялық кітапханасында «KitapTime – 2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұлттық аккадемиялық кітапхана бастамасымен дәстүрге айналған «KitapTime – 2023» фестивалін қолдау мақсатында республиканың көпшілік кітапханаларының ұйымдастыруымен өңірлерде кітап мерекесімен жалғасын тапты.

Қазақстанда кітап жәрмеңкесі мүлдем дамымай қалған екен. Соңғы жылдары ғана еріктілердің бастамасымен қолға алынған. Бастапқыда қазақ баспаларына сенім өте аз болған. Аудитория, тіл мәселесіне қатысты шектеулер қойып, ығыстырған жағдайлар кездескен. Дегенмен 2019 жылдан бері қазақ баспалары қарқын алып, кітап саудасында бой көрсете бастады. Қазақ тілді кітап нарығындағылар мәдени, рухани құндылықтарды қайта тірілту жолында жақсы келе жатыр. Соған байланысты «Отбасы хрестоматиясы» баспасы бұл жәрмеңкеге «Қуыскеуде» атты жаңа басылымды ұсынып отыр. Құндылықтар төңірегінде жиналып жатқан оқырман қарасы қалың, қуантатыны да осы, – деп пікір білдірді «Отбасы хрестоматиясы» баспасының жетекшісі Санжар Керімбай.

Бұл орайда қазақ оқырманына Жоан Роулингтің әйгілі «Хәрри Поттер» кітаптарын қазақ тіліне тұңғыш рет аударып, ұсынған Steppe & World баспасы балалар әдебиетін дамыту бағытындағы жаңа кітаптарын ала келген. 

2023 жылғы басты жаңалығымыз – біз бастауыш сыныптағы балаларға сериялы кітаптарды ұсынып отырмыз. Кітап нарығын қарап отырсаңыз, 6 жасқа дейін, содан кейін  10 жастан жоғары балаларға арналған кітаптар көп. Ортадағы балалар қалып қалған деуге болады. Сонымен бірге комикс жанрына да кірісе бастадық. «Итбас», «Тұмар» деген туындымыз бар. 2019 жылы кітап жәрмеңкесіне 4 кітаппен ғана қатысқан болсақ, қазір 100-ден аса кітаппен толықты, – дейді  Steppe&World баспа үйінің құрылтайшысы Гүлфайруз Шәует. 

Фестиваль аясында баспалардың қатысуымен көрме-жәрмеңке, «Art-vision» қолөнер шеберлері мен суретшілердің павильоны, bookcrossing, «Photo zone», балалар шығармашылығына арналған алаңда ертегілер қойылымы, «Балапан саз» ән антологиясының таныстырылымы, балалар әдебиетінің кейіпкерлер шеруі, «Rreader» - жұлдыздар қатысуымен кітапханаға жазылу акциясы, О. Бөкейдің 80 жылдығына арналған ғылыми конференция ұйымдастырылып, фестиваль «Кітапхана түні» мәдени шарамен жалғасын тапты. 

«Кітапхана түні» бағдарламасы бойынша танымал коуч-тренерлердің үйлестіруімен бизнес-коучинг, психологиялық-коучинг, жылдам оқудан мастер-класс, Qazaq toastmasters club жетешілерінің тренингі, «Muzycal party» классикалық музыка кеші, «Quiz» интеллектуалдық алаңы, шығармашылық антикафе, жас ақындардың алаңы ұйымдастырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама