×

Тимур Құлыбаев тағы бір қызметке сайланды

Тимур Құлыбаев ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды.

 Халық үні 16.09.2023 | 07:42
Фото: kp.kz

Тимур Құлыбаев ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды. Ол бұл қызметті 2015 жылдан бері атқарып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тимур Құлыбаев 1966 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Республикалық физика-математика мектебінің түлегі (1983 ж.). 1988 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Халық шаруашылығын жоспарлау» мамандығы бойынша бітірді. Біліктілігі – экономист. 

Еңбек жолы:

1988-1990 жылдар аралығында – ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау Жоспарлау және нормативтер экономикалық ғылыми-зерттеу институтында (НИЭИ ПиН – ЖН ЭҒЗИ) қызмет атқарған.

1990 -1992 жж. – Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры ғылыми-консультациялық орталығының директоры. 

1992-1995 жж. – «Алтын-Алма» концернінің басшысы.

1995-1997 жж. – Алматы сауда-қаржы банкі Кредит комитетінің мүшесі, байқау кеңесінің төрағасы.

1997 ж. – Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің Жобаларды бағалау және келіссөз жүргізу дирекциясының басшысы (төраға орынбасарының құқығында). 

1997-1999 жж. – «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ-тың экономика және финанс жөніндегі вице-президенті.

1999-2001 жж. – «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау ұлттық компаниясы» ЖАҚ президенті

2001-2002 жж. – «ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз» компанияларының базасында құрылған «Мұнай және газ тасымалы» ұлттық компаниясы» ЖАҚ бас директоры.

2002-2005 жж. – «Қазақойл» және «Мұнай және газ тасымалы» ұлттық компанияларын біріктіру жолымен құрылған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ бірінші вице-президенті. 

2005-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі.  

2006-2007 жж. – «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі»АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 

2008-2011 жж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 

2011 жылдың сәуір айынан бастап желтоқсан айына дейін – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.

2010-2014 жж. – «Атамекен одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының төралқа төрағасы.

2005 жылдың қарашасынан бастап осы уақытқа дейін – «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама