×

«Әйелдің басын базарға тастап кеткен»: Алматыда соты өткен ер адам екі әйелге өзін екі түрлі таныстырған

Қылмысы дәлелденсе, қылмыскер кемі 15 жылы немесе өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

 Халық үні 16.09.2023 | 06:25
Фото: видеодан алынды

Алматыда келіншектің басын кесіп базарға тастады деп күдікке ілінген Асхат Иманқосов ашынасына өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін деп таныстырған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ал басты тастап кеткен шұжық дүкенінде істейтін келіншекке Астанада судьямын деп жүріпті. Бүгінгі сот отырысында осы екі әйелден де жауап алынды. Оларды көріп күдікті тіпті көзіне жас алды.

Күдікті бүгін де медициналық бетпердемен бетін тұмшалап алған. Тек екі көзі көрінетіндей тесіп алыпты. Бірінші болып куәгерлердің арасынан шұжық сататын дүкенші сөйледі. Ол өзіне қарата алмай жүрген Асхат Иманқосовты бірден таныды. 

«Ол карантин біткен кезде бетперде тағып келіп бастады. Еш нәрсе сатып алмайтын, сөйлемейтін. Жәй ғана тұратын. Осылай екі айда бір соғатын. Мен одан не үшін келіп жүрсің деп сұрадым. Ол «Бұрын осында тұрғанмын. Базарға келу бұрыннан әдетім» деді. Сондай ақ, ол өзін «сотпын» деп таныстырды. Астанада істейтінін айтты. Бір рет кездесуге шақырған болатын. Мен бас тарттым. Соңғы рет келген кезде қолынан целофаннан жасалған қолғапты байқадым. Ол бас салынған пакетті тоңазытқыштың жанына тастап кетті», - деді сатушы.

Келесі гүл сатушы болып істейтін көңілдесі сөйледі. Екеуі екі жарым жыл бірге тұрыпты. Ең қызығы өзін Асхат емес, Асқар деп таныстырған, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істейтінін айтыпты.

«Жұмыстан келсем «Жаңалықтарды көрдің бе?» деп сұрады. Ал мен теледидарды мүлде қарамаймын. «Жоқ» деп жауап бердім. Сөйтіп, ол менің телефонымнан сюжетті көрсетіп, «Енді мен сені күнде жұмыстан кейін күтіп аламын» деді. Негізі ол мұндайды істеді дегенге сенбеймін. Иә, тұйық болатын, бірақ жақсы адам», - деді ол.

Осы сөздерден кейін күдікті демі жетпей, жылап жіберді, су сұраған. Кейін Асхат Иманқосовты вокзалдан көрген куәгер жауап қатты. Көбісінің көргені бір: күдіктінің қолындағы целлофан қолғап. Дегенмен куәгерлердің бәрі келмеді. Өзгелерінің тұрғылықты мекенжайы жоқ екен.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға биыл көктемде болған еді. Алматыдағы базардан пакетке салынған бас табылып, дүйім ел шулаған. Марқұм 1976 жылы туған әйел. Оның мәйіті базар жанындағы қараусыз ғимараттың маңынан табылды. Кейінірек 61 жастағы күдікті ұсталды. Қазір оның үстінен «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Қылмысы дәлелденсе, Иманқосов кемі 15 жылы немесе өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама