×

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін

 Дәурен Ерболат 15.09.2023 | 15:47
Фото: pikabu.ru

Синоптиктер 16-18 қыркүйекке ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Мамандардың болжамынша, алдағы 3 күнде Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғады, жаңбыр жауады.

Солтүстік-батыс пен оңтүстік-шығысқа бұршақ жаууы мүмкін. Ал оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда түнде қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Солтүстік-батысқа, солтүстікке, шығысқа түнде және таңертең тұман түседі.

Қазақстанның көптеген өңірінде ауа температурасы түнде 2-12 градус, күндіз 15-23 градус жылы, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 10-15 градус, таулы аймақтарда 0-5 градус жылы, күндіз +20-28 градус болады деген болжам бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама