×

Шығыс Қазақстан облысында 43 млн теңгенің малы ұрланған (ВИДЕО)

GPS трекері бар биенің басынан атып өлтірілгені анықталды

 Дәурен Ерболат 14.09.2023 | 18:01
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында полиция жалпы құны 43 млн теңге болатын 54 бас жылқыны ұрлаған күдіктіні анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.

Ұлан ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне шаруа қожалығы иесінің туысынан 54 бас ірі малдың ұрланғаны туралы арыз түскен. Ол түнгі сағат 23:00-ден таңертеңгі 6:00-ге дейін ауылдағы жайылымынан белгісіз адам таңбаланған бір үйір жылқысын ұрлап кеткенін айтқан.

Ұрланған биелердің бірінің мойнында GPS трекері болған. Құрылғы арқылы жәбірленуші жануардың қай жерде екенін тексерген. Бірақ құрылғының ажыратылғаны анықталды. Келтірілген залал 43 млн теңгеден асады. Тәртіп сақшылары дереу іске кірісіп, аумақты тікұшақ және дронмен тексерген. Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде GPS трекері бар биенің басынан атып өлтірілгені анықталды.

Полиция күдіктіні ұстады. Ол Абай облысының бұрын сотталған 46 жастағы тұрғыны болып шықты. Құқық қорғау органдары күдікті тұратын үйді тінту кезінде мал қорасынан заттай дәлелдерді тәркіледі.

Бұл дерек бойынша ШҚО ПД Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 4-бөлігі («Мал ұрлау») негізінде сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бүгінде сот сараптамалары тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама