×

«Боранбаевты түрмеде ұрып-соққаны туралы ақпарат тарады»: сотталушы өзі хат жазды

Әлеуметтік желіде Өскемен қаласындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтық белсенді Марғұлан Боранбаев соққыға жығылған ақпарат тараған

 Халық үні 13.09.2023 | 22:30
Фото: otyrar.kz

Әлеуметтік желіде Өскемен қаласындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтық белсенді Марғұлан Боранбаев соққыға жығылған ақпарат тарады. Алайда өзі мұны жоққа шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысысы Жанболат Қалетаевтың атына түсініктеме жазды.

«Маған қойылған сұраққа келсек, Facebook әлеуметтік желісіндегі «Серікжан Есенғосұлы» профиліндегі жазбаның жарияланғаны туралы ештеңе білмеймін. Бұл парақшаның кімдікі екенінен де хабарым жоқ. Материалда көрсетілген ақпарат дұрыс емес, мені ұрып-соққан жоқ, шағымым жоқ. Бұл жазба арандатушылық деп ойлаймын. Мекеме әкімшілігіне де, сотталғандарға да арызым жоқ.Түсініктеме өз қолыммен жазылған», - делінген хатта.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Серікжан Есенғосұлы деп тіркелген белсенді  Серікжан Мәмбеталин  Боранбаевтан 8 қыркүйектен бері хабар жоғын айтып, оны ұрып-соққан болуы мүмкін екенін жазған болатын.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) де бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

«Мекеменің медицина қызметкерлері жаза өтеушінің денесінде жарақат бар-жоғын тексерді. Бұған қоса ол адам желіде тараған ақпаратқа қатысы жоғын жазбаша түрде түсіндірді. Мекеме әкімшілігіне ешқандай шағымы жоқ»,- делінген ҚАЖК хабарламасында.

Айта кетейік, 2022 жылдың 14 наурызында Алмалы аудандық соты Марғұлан Боранбай мен Данат Намазбаевты әлеуметтік желілердегі сөздері үшін бес жылға бас бостандығынан айырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама