×

Мұғалімдер жалақысына қанша қосымша ақы қосылатыны белгілі болды

Педагог-шеберге 50%, педагог-зерттеушіге 40%, педагог-сарапшыға 35%, педагог-модераторға 30% қосымша ақы төленеді

 Халық үні 13.09.2023 | 19:10
Фото: Halyq Uni

Елімізде 350 мыңнан астам педагог еңбек етеді. Оларлың 220 мыңнан астамы аттестация қорытындысымен тағайындалған біліктілік санаты үшін жалақысына қосымша ақы алады, деп хабарлады qazaqstan.tv.

Педагог-шеберге 50%, педагог-зерттеушіге 40%, педагог-сарапшыға 35%, педагог-модераторға 30% қосымша ақы төленеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%-ға арттырылды. Жаңа оқу жылынан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтерінің еңбекақысы 30%-ға көбейтілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама