×

Президент қытай компанияларының төрағаларын қабылдады

Қазақстаннан сирек кездесетін металдарды тұрақты түрде жеткізу ісін жолға қою перспективалары талқыланды

 Динара Амантай 13.09.2023 | 17:24
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы LY iTECH компаниясының төрағасы Цзэн Фанцинь мен HGTECH Co. Ltd компаниясының төрағасы Ма Синьцянды қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Президентке тұрмыстық техникалардың, автокөліктер мен смартфондардың қосалқы бөлшектерін шығаратын және инновациялық технологиялар саласында жұмыс істейтін Қытайдың ірі жоғары технологиялық кәсіпорындары жөнінде мәлімет берілді.

Әңгімелесу барысында инвестициялық жобаларды іске асыру және қосалқы бөлшектер мен лазерлік құрылғы өндіру үшін Қазақстаннан сирек кездесетін металдарды тұрақты түрде жеткізу ісін жолға қою перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар еліміздің инновациялық әлеуетін нығайту мәселелері де қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің стратегиялық серіктес екенін, соның ішінде Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» жаһандық бастамасы аясында ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама