×

Астанада құрылыс компанияларының басшыларына қатысты тергеу жүріп жатыр

Қала прокуратурасының тапсырмасына сәйкес олар бойынша жедел-тергеу топтары құрылды

 Динара Амантай 13.09.2023 | 15:37
Фото: Астана қ. прокуратурасының баспасөз қызметі

Елорда прокуратурасының бастамасымен үлескерлердің мәселелерін шешу бойынша кеңес өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеңес жұмысына қалалық экономикалық тергеп-тексеру, полиция департаменттерінің, сондай-ақ қалалық орта сапасы және бақылау, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармаларының басшылары қатысты.

Қазір үлестік құрылыс проблемаларына байланысты бірқатар қылмыстық істер тергеліп жатыр. Қала прокуратурасының тапсырмасына сәйкес олар бойынша жедел-тергеу топтары құрылды.

Сондай-ақ қала прокуратурасының нұсқауымен құрылыс компанияларының 2 басшысына «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық қудалау органдары азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету үшін құқықбұзушылыққа қатысы бар барлық адамдар мен олардың мүлкін анықтауға бағдарланған.

Қылмыстық істерді тергеу барысы қала прокуратурасы басшылығының бақылауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама