×

Жапонияда оқушылардың орнына роботтар сабаққа қатысады

Оқушы үйде роботқа қосылып, сыныптастарымен бірге сабақ оқып, пікірталастарға қатыса алады

 Дастан Жұмабекұлы 13.09.2023 | 15:05
Фото: smartpress.by

Жапонияның Кумомото қаласындағы мектептер оқушылардың сабақтан қалмауын тыю үшін роботтарды қолдана бастайды.

Қаладағы мектеп сыныптарында қараша айынан бастап оқушылардың орнына микрофон 2не камералармен жабдықталған роботтар сабаққа қатыса бастайды. Алғашында сыныптарда екі роботтан болады деп жоспарлануда.

Мұғалімдер сабақты әдеттегі аудиторияларда жүргізеді. Сабақ кезінде оқушылармен биіктігі 1 метр өзін-өзі басқаратын роботтар отырады. Мектепке бармайтын оқушылар компьютерлерінен планшеттері арқылы роботтарға қосылып, сыныптастарымен бірге сабақ оқып, пікірталастарға қатыса алады.

Роботтар сабақта ғана отырамайды, олар мектепті аралап, тіпті ұйымдастырылған шараларға қатыса алады, – деді жергілікті білім беру басқармасы.

Роботтар арқылы сабаққа қатысу балалардың мектепке келуге деген қызығушылығын қайтару жоспарланған.

Жапонияда коронавирустық пандемиядан кейін мектепке бармайтын балалардың саны көбейген. Кумомотода 2018 жылы 1283 бала мектепке бармаған. Ал 2022 жылы мектепке 2760 оқушы аяқ баспаған. Осы жылы мектеп бітірушілер саны 2700-ге жеткен. Қаңтар айында қала мектептеріне қатыспаған оқушыларға онлайн сабақ беру үшін көмекші мұғалімдер жұмысқа тартылған. Бұл оқушылардың көңілінен шыққан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама