×

Нобель сыйлығының лауреаттары Астанаға келе жатыр

Шараға жыл сайын 500 мыңға жуық адам қатысады

 Халық үні 14.09.2023 | 09:23
Фото: nobel-fest.org

5-6 қазан күндері Астанада «Nobel Fest: Digital Upgrade» өтеді. Фестивальге Нобель сыйлығының лауреаттары мен ғылым, ақпараттық технологиялар, экономика және инновациялар саласындағы жетекші сарапшылар қатыспақ.

«Спикерлер ғылыми-техникалық прогрестің ең озық теориялары мен тәжірибесін талдайды. Фестиваль бағдарламасы жасанды интеллект, климаттың өзгеруі, экономика болашағы, стартаптар мен замануаи еңбек нарығы, ғылымның жаңа қырлары, адамзат болашағы секілді өзекті мәселелерді қамтиды», - деп хабарлайды ұйымдастырушылар. 

Фестивальдің негізгі тақырыптары:

  • Технологияның сингулярлық дәуірі
  • Белгісіз әлем: жасанды интеллект дәуірі
  • Цифрлық әлемдегі адам миының ресурстары: сингулярлық немесе сана жолында?
  • Көп планеталы өркениет пен ғарыш туризмінің құрылысы
  • Ғылым мен білім дамуының жаңа қырлары
  • Жаһанданудың аяқталуы және әлемнің жаңа экономикасы
  • «Unicorn» стартапты қалай құруға болады не технология алпауыттарының дамуына қандай жағдай жасау керек?
  • Еңбек пен адами капиталдың болашағы

Шараға әлемнің қазіргі үш үздік экономисінің бірі Джеймс Хекман, климат және тұрақты даму бойынша №1 сарапшы Рае Квон Чунг секілді Нобель сыйлығы иегерлерінен бөлек, футурологтар, жаңашылдар, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері, академиктер мен ғалымдар да қатысады.

Футурологтар:

  • Герд Леонхард  — әлемге әйгілі футуролог, инновациядағы үздік үш ықпалды көрегеннің бірі (Wired), «Технология адамға қарсы» бестселлерінің авторы.
  • Мартин Везовски  —  SAP-тың бас футурологы және SAP Future Hub-тың  жетекшісі.

Жаңашылдар:

  • Вивек Вадхва  — Силикон алқабының гуруы, TIME журналы бойынша, технология саласындағы аса ықпалды 40 ақыл-ой иесінің бірі.
  • Фрэнк Стивенсон  —  ең танымал автокөлік дизайнері. Mini Cooper, BMW X5, Ferrari F430, Maserati дизайнын жасаушы, Frank Stephenson Design (FSD) негізін қалаушы.

Саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері:

  • Саясат Нұрбек  —  ҚР-ның ғылым және жоғары білім министрі.
  • Икбал Чоудхари  — Мұсылман әлемінің Мұстафа-Нобель сыйлығының иегері, ИЫҰ елдерінің Ғылым және технология комитетінің бас үйлестірушісі.
  • Досым Сәтбаев – белгілі қазақстандық саясаттанушы, "Қауіп-қатерді бағалау тобы" үкіметтік емес консалтинг ұйымының директоры.

Академиктер мен көрнекті ғалымдар:

  • Лоуренс Краусс – Аризона университетінің жерді және ғарышты зерттеу бөлімінің негізін қалаушы профессоры және Origins жобасының құрметті директоры.ы
  • Александр Каплан – профессор, адам миын зерттеудегі танымал сарапшылардың бірі, Мәскеу мемлекеттік университетінде нейрофизиология және нейрокомпьютер интерфейстерін зерттейтін лабораторияның меңгерушісі.
  • Ричард Фраковиак – Лондон университеттік колледжінің неврология институтының құрметті профессоры, Лозанна университетінің клиникалық нейробиология кафедрасының меңгерушісі.
  • Артем Оганов – әйгілі инноватор, ғылымды танымал етуші, Халықаралық кристаллографтар одағының материалдардың кристаллографиясы жөніндегі комиссиясының негізін қалаушы
  • Дмитрий Дубровский – Карлов университетінің әлеуметтік ғылымдар факультетінің қызметкері, Латвиядағы Брива университетінің профессоры, Тәуелсіз әлеуметтік зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері.

Фестиваль қатысушылары Нобель сыйлығының лауреаттарынан арнайы сертификаттар алып, астаналық дарынды музыкант Ratovich-тің фортепианосының сиқырлы үнін тыңдай алады.

Айта кетейік, фестивальдің басты мақсаты – мыңдаған қазақстандықтың білімге, ғылымға және инновацияға қызығушылығын арттыру. Жыл сайын Nobel Fest 100 елден 500 мыңға жуық қатысушы мен 500 университетті біріктіре отырып, жарқын болашақты қалыптастырудағы жан-жақты білімнің маңызын айшықтайды.

Nobel Fest миссиясын отандық және халықаралық ұйымдар қолдайды. Олардың қатарында Қазақстандағы ең ірі қоғамдық қорлардың бірі – «Алтын Қыран» қоры; бас білім беру серіктесі – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті; Стратегиялық серіктес – Камалладин университеті; Ресми серіктес – Platonus компаниясы, сондай-ақ BI Group және BI Education компаниялары. Негізгі медиа-серіктестер  – Kamalladin Media медиа-агенттігі; өмір, жұмыс және хоббилер туралы әйгілі The Steppe басылымы; сондай-ақ Орталық Азиядағы адамдар мен жобалар туралы прогрессивті WeProject басылымы.

Толық бағдарламаны мына сілтемеден көре аласыздар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама