×

Атыраудың тұрғындары Өзбекстан азаматына алданып қалған

Қазір өзге де жәбірленушілер мен оларға келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 13.09.2023 | 14:18
Фото: Halyq uni.kz

Атырау облысының бірнеше тұрғыны Өзбекстанның азаматына алданып, ақшаларынан айрылып қалған. Бұл туралы Atyrau Press хабарлады.

Өзбекстанның азаматы бірнеше адамды Оlх.kz қосымшасындағы жарнама бойынша қойманы жалға аламын деп 13 мың теңгеге алдаған. Ол ақшаны картасына аудартып алған соң хабарласпай кеткен. Соңынан алданғанын түсінген адамдар жергілікті полицияға арызданған.

Полиция күдіктіні көп іздемей, тапты. Ол бұрын сотты болған, 1986 жылы туған Өзбекстан азаматы болып шықты. Дәл осылай ол Алматы, Ақтөбе, Астана қаласының тұрғындарын да алдаған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Себебі Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1 тармақшасы, КПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі, –  деді Криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес қызметкерлері.

Қазір өзге де жәбірленушілер мен оларға келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама