×

Ливияда су тасқынынан 3 мыңнан астам адам қаза тапты (ВИДЕО)

7 мыңнан аса адам із-түссіз жоғалып кеткен

 Дастан Жұмабекұлы 13.09.2023 | 14:05
Фото: twitter.com

Ливияда Жерорта теңізіндегі «Даниэль» циклонының кесірінен жаңбыр жауып, бірнеше қаланы су алып кетті. Елдің солтүстігінде орналасқан Әл-Байду, Суса, Әл-Мардж, Тобрук, Такенис, Әл-Баяду, Батту мен Дерна қалаларында су тасқыны болып, 3 мыңнан астам адам қаза тапты. Су тасқыны әлі де жалғасып жатыр.

«Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, су тасқынынан 7 мыңнан аса адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Суса мен Дерна қалаларында төтенше жағдай жарияланды. Елдің әуежайлары мен теміржол вокзалдары жұмысын тоқтатты.

Енді тағы бір мәліметке қарағанда, «Даниэль» циклоны Египетке қарай бет алып барады. Соның кесірінен Египетте Ливиядағыдай қатты жаңбыр жаууы да мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама