×

Жемқорлық туралы хабарлауға арналған Telegram-бот іске қосылды

Ол арқылы іздеудегі адамдар туралы ақпаратты да хабарлауға болады

 Динара Амантай 13.09.2023 | 09:23
Фото: Halyq Uni

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға арналған Telegram-бот іске қосылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламаларға жедел ден қою мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет @antikorkz_bot Telegram-ботын іске қосты. Осы чат-бот арқылы іздеудегі адамдар туралы ақпаратты да хабарлауға болады. Іздеудегі адамдар бойынша бағдарлар агенттіктің сайтында жарияланады. Оны мына сілтеме арқылы көруге болады.

Айта кетсек, басқа мәселелер бойынша азаматтар 1424 қысқа нөміріне қоңырау шалып, кеңес ала алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама