×

Атырауда достарымен бірге балық аулауға кеткен ер адам іздестіріліп жатыр

Оның жоғалғанына үш күн болды

 Динара Амантай 12.09.2023 | 16:53
Фото: polisia.kz

Атырауда достарымен бірге балық аулауға кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 10 қыркүйекте 1987 жылы туған Ербол Құсайыновтың жақындары оның достарымен бірге балық аулауға кетіп, үйге оралмағанын хабарлаған. Бүгін үшінші күн бойы Атырау облысында құзырлы органдар жоғалған азаматты іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Полиция департменті, төтенше жағдайлар департаменті және Ұлттық ұланның 80 сарбазы мен кинология бөліністері және сүңгуірлер іздеу жұмыстарына жұмылдырылған.

Құзырлы органдар әлеуметтік желіде түрлі алып-қашпа ақпараттар таратпауды және нақты жоғалған азаматқа қатысты деректер болса, «102» операторына хабарлауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама