×

Иранның Ресейге ракета беруінің жолы кесілді

«Моссад» басшысы Парсы елінің РФ-ға ұшқышсыз ұшақтар сатқанын да айтты

 Дастан Жұмабекұлы 12.09.2023 | 16:14
Фото: moscowtimes.ru

Израиль сыртқы барлау қызметінің директоры Давид Барнеа Райхман университетінің терроризмге қарсы күрес институтында өткен конференцияда Иранның Ресейге ракета сатуының жолы кесілгенін, алайда болашақта парсы елінің РФ-ға зымырандарды сатуды одан әрі жалғастырып, Таяу Шығысқа қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты.

Қазір Иран мен оның басшылары бүкіл дүниежүзі алдында өзі бейбітсүйгіш мемлекет екенін көрсеткісі келеді. Бірақ іс жүзіне келгенде Иран Ресеймен әскери саладағы әріптестігін одан сайын нығайтып жатыр: Иран Ресей Федерациясына ракета беруге дайын отыр. Ал Ресейдің одан бас тарқысы жоқ. Егер екі ел қару-жарақ сатумен айналыса берсе, Израильдің өзіне қатер төнетін болады.

Иә, Иран Ресейге ракеталарын сата алмады. Оның жолы кесілді. Алдағы уақытта да ракеталарды сата алмайды деп үміттенеміз, – деді «Моссад» басшысы Давид Барнеа.

Сонымен бірге ол Иранның Украинада соғыс басталғалы бері Ресейге ұшқышсыз ұшақтар сатқанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама