×

Жетісу облысында балалалар лагерлерінен бұзушылықтар анықталды

Барлық бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданатын болады.

 Динара Амантай 12.09.2023 | 10:08
Фото: baribar.kz

Жетісу облысының прокурорлары балалардың бос уақытын өткізуге арналған 8 мекемеден бірқатар бұзушылықты анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қазір мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерде де бұзушылықтар анықталған.

«Жансая» жазғы лагері (Алакөл ауданы) өз қызметін санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың қорытындысынсыз іске асырған. Мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін «Сенім» мекемесінде (Сарқан ауданы) оқытушы ретінде еңбек қызметін жалған дипломы бар адам атқарған, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратура материалдары бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі («Көрінеу жалған құжатты пайдалану»).бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады

Сондай-ақ жекелеген балалар мекемелерінде мерзімі өткен дәрілік заттарды сақтау фактілері анықталды. Бұған қоса, балаларға арналған күнделікті тамақтану нормалары сақталмаған (мәзірде жаңа піскен көкөністерден жасалған тағамдар жоқ).

Барлық дерлік мекемелерде техникалық және өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы анықталды.

Барлық бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама