×

Павлодар облысында мешіттен ақша ұрлаған адам сотталды

Күдікті үкіммен келіспей, апелляцияға берген

 Дастан Жұмабекұлы 12.09.2023 | 09:08
Фото: Halyq Uni

Павлодар облысы Тереңкөл ауданының екі ауылынан, Шарбақты ауданы, Ақсу қаласының ауылдық жерінде орналасқан мешіттерден садақаға қалдырылған ақшаны бірнеше рет ұрлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты.

Іс материалдары бойынша айыпталушы азамат биыл ақпан-мамыр айларында мешіттерде бірнеше рет ұрлық жасаған. Осыған байланысты Тереңкөл аудандық сотында бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қаралып, ер адамға қатысты тағылған қылмыстар мен үкімдердің жиынтығын ескере отырып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеумен 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді. Алайда айыпталушы сот үкімімен келіспей, апелляцияға берген. Шағымда оның жазасын жеңілдетіп, бас бостандығынан айырмауды сұраған еді. Іс Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында қарастырылды.

Прокурор мен жәбірленушілердің өкілдері 2023 жылғы 28 шілдедегі үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

Тереңкөл аудандық сотында шығарылған үкім өзгеріссіз, сотталушының апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды,– деп хабарлады Павлодар облысы сотының баспасөз қызметі. 

Қаулы заңды күшіне енді.

Бұл азамат Қарағанды облысының тұрғыны болып шықты. Ол наурыз айында Тереңкөл ауданының Қызылтаң ауылында мешіттен 140 мың теңге ұрлаған. Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама