×

«Екі адам көз жұмды»: Ақмола облысында қайғылы жағдай болды

72 және 57 жастағы жолаушылары оқиға орнында мерт болды

 Халық үні 11.09.2023 | 22:50
ашық дереккөзден

Ақмола облысында жүк көлігі мен минивэн соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты қыркүйектің 10-да кешкі сағат 21:16 шамасында «Екатеринбор-Алматы» тасжолының 998-шақырымында болған.

Белгілі болғандай, Атбасар қаласының 43 жастағы тұрғыны тізгіндеген «КамАЗ» жүк көлігі мен Toyota Estima минивэні соқтығысқан.

Салдарынан Toyota Estima көлігінің 72 және 57 жастағы жолаушылары оқиға орнында мерт болды.

Тағы екі адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

«Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ведомство.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама