×

XIX Азия ойындары: Өзбекстан бокс құрамасын жариялады

Бұл турнир Париж Олимпиадасына жолдама береді

 Дастан Жұмабекұлы 11.09.2023 | 17:10
Фото: yuz.uz

Бокстан Өзбекстан ұлттық құрама командасы 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың есімін жариялады.

Бұл турнир Париж Олимпиадасына жолдама береді.

Сонымен бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасы Азия ойындарына мына құраммен қатысады:

Ерлер:

-51 кг: Хасанбой Дусматов

-57 кг: Абдумалик Халоков

-63,5 кг: Руслан Абдуллаев

-71 кг: Асадхужа Муйдинхужаев

-80 кг: Турабек Хабибуллаев

-92 кг: Лазизбек Муллохонов

+92 кг: Баходир Жалолов

Әйелдер:

-50 кг: Сабина Бобокулова

-54 кг: Нигина Уктамова

-57 кг: Ситора Турдибекова

-60 кг: Райхона Қодирова

-66 кг: Навбахор Хамидова

-75 кг: Азиза Зокирова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама