×

Президент «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысына газ саласын реформалау жұмыстарының барысы туралы есеп берілді

 Динара Амантай 11.09.2023 | 14:14
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кездесу барысында Санжар Жаркешов ұлттық компанияның биылғы бірінші жартыжылдықтағы негізгі қаржы-шаруашылық көрсеткіштері және газ саласын реформалау жұмыстарының барысы туралы есеп берді.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ 2022 жылдың басынан бастап Атырау, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласында өз қаражаты есебінен сомасы 400 миллиард теңге болатын инвестициялық жобаларды іске асырған. Былтыр жыл басынан бері ұлттық компания халық пен бизнес үшін газ бағасын 389 миллиард теңгеге субсидиялаған. Осы кезеңде 450 мыңға жуық қазақстандық табиғи газға қол жеткізген.

Сондай-ақ мемлекет басшысына газ тапшылығы мәселесінің шешілуіне қатысты мәлімет берілді. Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральды газ құбырының екінші желісіне қатысты жобаның іске асырылу барысы және Қытай Халық Республикасымен жаңа экспорттық келісімшартқа қол қойылды.

Бұған қоса, төраға газ саласының орта мерзімді стратегиясын іске асыру, газ өңдеу қуатын ұлғайту және елімізді одан әрі газбен қамтамасыз ету перспективалары жөнінде мәлімет берді. Газдың ресурстық базасын кеңейту мақсатында жылдың соңына дейін жаңа Анабай газ кен орны іске қосылады, сондай-ақ Придорожное кен орнын игеруге дайындық басталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі нарыққа газ жеткізуді тұрақты түрде қамтамасыз етуге, жылыту маусымына уақтылы дайындалуға, үнемді тұтыну тұжырымдамасын енгізуге және баға белгілеу ісін реформалауға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама