×

Байлардың мүлкіне жаңа салық салу мәселесі талқыланды

Бүгінде 700-ге жуық ұсыныс қаралған

 Дәурен Ерболат 11.09.2023 | 09:45
Фото: ҰЭМ

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың қатысуымен жаңа Салық кодексінің жобасы талқыланды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Отырысқа министрден бөлек, вице-министр Азамат Әмрин, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, ҰЭМ Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаев және YPO Kazakhstan өкілдері қатысты.

Әлібек Қуантыровтың айтуынша, жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеу жұмыстары кәсіпкерлермен, сарапшылар қауымдастығымен және депутаттармен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Бүгінде 700-ге жуық ұсыныс қаралды.

Кездесу барысында қатысушылар болжамды салық саясатын қалыптастыру, экономиканың жоғары табысты салалары үшін негізгі салықтар бойынша мөлшерлемелерді қайта қарау, арнайы салық режимдерін реформалау, аса бағалы заттарға жоғары салық салу және тағы басқа мәселелерді талқылады.

YPO Kazakhstan өкілдері мұндай кездесудің маңызын атап өтіп, ұсынылған тәсілдер бойынша ұстанымдарын айтты.

Жаңа Салық кодексінің жобасын талқылау бойынша кездесу одан әрі жалғасады.

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылдан бастап байлық салығы салынатыны хабарланған еді. Өйткені қазір қазақтың жеке ұшағы мен яхтасы бар байлары 1 шишасы 6 млн теңге тұратын виски ішіп, 1 қорабы 143 100 теңге болатын сигара шегңп жүр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама