×

Анна Данилина алғаш рет микстен «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстанның бірінші ракеткасы финдік Харри Хелиёваарамен дэутте АҚШ-тың Ашық чемпионатында жеңіске жеткені үшін 170 мың доллар алады.

 Халық үні 10.09.2023 | 06:19
Фото: meta-ratings.kz

Қазақстандық Анна Данилина микстен алғаш рет АҚШ чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анна Данилина аралас жұпта финалда финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жарыстың 1-ракеткалары, америкалықтар Джессика Пегула – Остин Крайчекпен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық-финляндиялық жұп сол басымдықты сақтап қалды – 6:3.

Олар екінші сетті де брейкпен бастағанымен, америкалықтар таразы басын теңестірді – 2:2. Содан кейін Анна мен Харри тағы бір брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4. Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 7 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.

Осылайша, Анна Данилина қазақстандық теннисшілерден алғаш рет микстен «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы финдік Харри Хелиёваарамен дэутте АҚШ-тың Ашық чемпионатында жеңіске жеткені үшін 170 мың доллар алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама