×

Мароккода жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 1 мың адамнан асты

Марракеште 7 балл қуатымен болған зілзала кейінгі жүздеген жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр

 Халық үні 09.09.2023 | 23:23
Фото: «Анадолы» агенттігі

Мароккода 7 магнитудалық жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 1037 адамға жетті, тағы 721-і зардап шекті. Мұндай мәліметті Корольдіктің Ішкі істер министрлігі таратты, деп хабарлады Анадолы агенттігі.

9 қыркүйекке қараған түні Марракеште 7 балл қуатымен болған зілзала кейінгі жүздеген жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр. Марракеш пен Агадирде ғимараттар қирады.

Марокконың әскери қызметшілері, жергілікті әкімшіліктер, қауіпсіздік күштері мен азаматтық қорғау жасақтары іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр, апат аймағына гуманитарлық көмек жеткізу үшін барлық күш жұмылдырылды.

Марокколық БАҚ-тың мәліметінше, жерасты дүмпуі Рабатта, сондай-ақ Касабланка, Мекнес, Агадир және Фес сынды қалаларда сезілді.

Марокконың Ұлттық геофизика институтының хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Марракештегі Эль-Хауз ауданында орналасты. Тереңдігі – 8 шақырым. Тербелістер эпицентрден 400 км радиуста сезілді.

Қуатты дүмпуден кейін жүздеген афтершок тіркелді, магнитудасының ең үлкені – 6 балды құрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама