×

Сүт өндіруші кәсіпкерлерге ірі көлемде айыппұл салынды

Серіктестік жалпы сомасы 755 337 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды

 Дастан Жұмабекұлы 09.09.2023 | 12:06
Фото: gov.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті «Ак-Булак продукт» ЖШС-не (Серіктестік) қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.

Атап айтқанда, серіктестіктің іс-әрекетінде жұмсақ қаптамада 2,5% майлылығы бар сүт бағасын белгілеу және ұстап тұру бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимыл фактісі анықталды, – деп хабарлады департамент.

Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша серіктестікке қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама (Нұсқама) шығарылды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Сотпен Нұсқама мен әкімшілік іс департаменттің пайдасына қаралды. Серіктестік жалпы сомасы 755 337 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама